Қостанайдың үздік оқушылары марапатталды

Қостанайдың үздік оқушылары марапатталды

Еліміздің цифрлық трансформациясына нық қадам басып келе жатқан  білім саласының нағыз элитасы смарт орталығына жиналды. «Сен үздіксің» жобалар байқауының жеңімпаздарын облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данагүл Сүйіндікова құттықтады.

«Бірінші маусым –  халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн балалық шақтың баянды да бақытты алаңсыз әрі мүмкіндіктерге толы кезеңін еске салатын жарқын мейрам. Қазақтың көрнекті ағартушы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім – халықтың болашағына бастар жолы» деп айтқан екен. Ендеше, Баларды қорғау күнінің қарсаңында осы бір сөзді дәлелдеп жүрген дарынды жастар мен оның тәлімгерлері осы залда бас қосып отыр», – деді басақарма басшысының міндетіп атқарып жүрген ханым.

Оның айтуынша, биыл сексен оқушы республикалық жалықаралық олипиада мен ғылыми жобалар байқауларының жүлдегері атанды. Республика бойынша біл олимпиадасынан  гуманитарлық бағытта облысымыз екінші орын алды. Білім иновация мектебінің оқушысы Әбдіқадыр Таир мен Абзал Өжентай Жәутіков олимпиадасының физика-математика, информатика пәндерінен жүлделі оралды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Таир Азия олимпиадасының қола жүлдегері атанса, Жітіқара қалалық Абай мектебінің оқушысы Кирилл Тұрғынбаев Азияның лингвистикалық олимпиадасында облыс атын танытып, халықаралық додаға жолдама алды. Қостанайдағы нөмірі 15 мектеп оқушылары Давид Есмағамбетов пен Арсен Ермекұлының жобасы республикада бірінші орын алды. Осы орайда, оларды Үздік оқушы қылғын ұстаздың да еңбегін  айта кеткен жөн.

Әбдіқадыр Таир Білім иновация лицейіне оқуға түскеннен ғылымға ден қойғанын айтады.

blank

«Бірншіден, осы дәрежеге жеткізген ұстадарыма алғыс айтқым келеді. Себебі бірден үздік болып, аяғым салбырап түскен жоқ. Алтыншы сыныпқа дейін мен де аулада балалармен доп ойнап жүрдім.  Жетінші сыныптан кейін басқа мектепке ауысып, бағыт өзгерді. Ол жерде бойдағы қабілетті ашуға тура келеді. Жетінші сыныпта жүріп физика үйірмесіне  жазылдым. Топта бәрі жақсы өтті. Жетінші сыныпта жүргенде Ержан Жұмаділов деген ағайым болды. Соның алдында ғана еліміздің ең үздік ұстаздарының қатарына кірген болатын. Сол ұстазымның еңбегі көп бодды. Үлкен сыныптағы балалар да  көмектесті. Оқу орынмызда сондай дәстүр бар(күлді)», – дейді марапат иесі.

Ол биыл Жәутіков олимпиадасына қатысып, Кореядағы Азия олимпиадасына барып келген. Бастапқыда алтын алып, Азия олимпиадасында қола жүлдегер атанды.

«Кореяда 27 елдің балалары болды. Арасында Еуропа елінен де командалар бар. Бізден сегіз адам қатысып, жетеуі қола, біреуі мақтау қағазын алды. Білле білсеңіздер, Азия білім жағынан әлемнің ен үздік континенті болып келеді. Бұл салада бес жылдан бері келе жатырмын. Басында жиын өтіп, ауыр кезеңдер артта қалды», – Таир.

Марапатталған үздіктердің қатарында Алтынсарин ауданынан келген Дамир Бекенбай да бар. Дамир Обаған мектебінде оқиды. Биылғы өткен Ауыл мектебі оқушыларының олимпиадасынан бірінші орын алған.

«Өзімнің де мұғалімдердің де көмегімен дайындалдым. Оған әжептәуір уақыт кетті. Бүгін осы еңбегім ақталып жатыр. Болашақта инженер болғым келеді. Механикалық бағыттағы кәсіп қызықтырып жүр дейді», – Дамир Бекенбай.

Ал Сырбай Мәуленов гимназиясының 11 сынып оқушысы Айнар Табылдыны тарих саласы көптен баурап келеді.

 

blank

«Ғылыми жұмысым жайлы айтар болсам, мені тарих қызықтырды. Ақша, валюта, монета қатынастарын зерттеген болатынмын. Осындай еңбектің арқасында республикалық деңгейде жақсы нәтиже көрсеттім. Екінші орынды иеленіп отырмын», – дейді ол.

Науырзым ауданы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің түлегі Ерасыл Қоқаев та таприхты жанындай сүйетін жандардың бірі. Биыл табандылығының арқасында ең үлкен межені бағындырып, республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Алайда болашақтағы таңдаған жолы бөлек сияқты.

blank

«Биыл түлек атанып отырмын. Бұйырса алда ҰБТ. Алматыдағы «Нұр Мүбәрәрәк» университетіне құжат тапсыруға ниеттеніп отырмын», – дейді Ерасыл.

Ерасыл бір жағы Алтын белгіге үміткер. Тарихты таңдаған себебі де жоқ емес, «Тарихымыз болашақта тұлғаның кім екенін көрсетеді. Болмысымызды ашып берітін асы тарих» деген пікірде.

Айбек ЖҮЗБАЙ,

Суреттерді ұсынған білім басқармасы мен Диана Алмасқызы