Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының базасында «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанға бастар жол» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараны философия ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ Қостанай филиалының оқытушысы Денис Качеев жүргізді.

Диалог алаңының жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ құқық және мемлекеттік басқару саласының сарапшылары қатысты. Кездесуде жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, олардың құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы, демократиялық институттарды дамытудағы және әділетті, прогрессивті Қазақстанды қалыптастырудағы маңызы талқыланды.

Ұйымдастырушы өз сөзінде мемлекет пен қоғам мүдделерінің теңгерімін сақтау, қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейту, билік органдарының жауапкершілігін арттыру және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы және азаматтық бірегейлікті нығайтудағы рөлі атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар елдің конституциялық дамуы мәселелері жөніндегі сараптамалық диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғамды топтастыруға және қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және сындарлы пікір алмасқаны үшін алғыс білдірді.
