Қостанайда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Қостанайда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Қазақ руханиятына Л.Гумилевтың есімі  белгілі. Түркі дүниесін, оның ішіндегі қазақ жұртынының ежелгі тарихын зерттеген ғалымның еңбектері қомақты. Сондай-ақ оның пассионарлық теориясы да ғалымдар арасында күні бүгінге дейін түрлі пікірталас туғызып келеді. Бұл орайда қостанайлық ғылым докторы, профессор Сергей Харченко да көрнекті этогенез зерттеушісінің еңбектері туралы өз ойын білдіріп жүр.

Таяуда Қостанай қаласында С.Харченконың «Пассионарлық тұлғалар және олардың заманы»  атты  кітабының  таныстырылымы кеші өтті. Оған  жергілікті зиялы қауым өкілдері , ғалымдар, мен мамандар, ақпарат құралдарының  қызметкерлері,  студенттер қатысты.

–Менің 3 жыл уақытым  осы кітапқа материал жинап, сараптап-сүзіп шығып, жазуға кетті.-дейді кітап авторы, – Осы уақыт аралығында мен Гумилев  теориясының аясында бүгінгі әлемде болып жатқан түрлі саяси  құбылыстардың астарын терең түсіндім. Көне Русь пен Ұлы Дала халықтарының тағдыр-талайына  үңілсек, бүгінгі өмірге сабақ боларлық мағлұматтар жеткілікті. Тек соны оқып, тоқитын қазіргі замандастарымыз болса.

Кеште алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұқаметқали авторды  жаңа еңбегінің жарық көруімен  құттықтап,  басылымның  мәні мен мағынасына қысқаша  сипаттама берді. Кешке келген автордың замандастары  Өмірзақ Ихтиляпов  журналист-ғалымның шығармашылығымен бұрыннан жақсы таныс екенін, алдағы уақытта да қаламы қолынан түспеуіне ізгі   тілегін білдірді.  Астанадан аранай осы кітаптың тұсаукесеріне  арнайы  ат терлетіп келген «Казахстанская правда» газетнің Бас редакторы  Сәбит Малдыбаев  жинақ тарихшылар мен ғалымдардың ғана емес, қарапайым оқушылардың да қызығушылығын тудыратынын назар аударды.

–Кітапты түгелдей басынан аяғына дейін оқып шықтым. Ой салатын да, дау туғызатын да жерлері бар,–деді баспасөз ардагері Жайберген Болатов.

Сондай-ақ, автордың әріптесі, Қазақстанның құрметті журналистері Жанұзақ Аязбеков, Оразалы  Жақсанов, Валентина Захарченко кітаптан алған өзіндік әсерлерін  айтты.

– Кітаптың мұқабасында  авторың аты-жөні тым кіші әріптермен берілген, алғашқы беттеріннен-ақ  ғылыми зерттеу емес, «ғылыми-тарихи баяндау» және кітап иесі «Құрастырушы – автор»  деп жазылған,–дейді, әдебиет сыншысы Жанұзақ Аязбеков, – бұл кітап иесінің жанрға деген адалдығы, әділдігі,  қарапайымдылығы дер едім. Мұндай әдеп шынын айтқанда бүгінгі  кейбір жазармандарымызға жетісе бермейді.Шынында да Сергей Харченконың бұл кітабы бұрынғылардан өзгеше. Көне Ресей  елін басқарған тұлғалары мен Ұлы Даланың, оның ішінде қазақ хандарының  әрқайсысының пассионарлық ерекшелігіне  қысқаша сипаттама бере келе, қазіргі заманымызға ауысады. Академик Қаныш Сәтпаевтан бастап, ел билеген Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаевтың  өмір жолы мен атқарған қызметіне тоқталады.Ең  бір ерекшелігі –  автор бірінші басшылар туралы жаза  келе, бірден облыстағы ел танитын ауыл шаруашылығы тұлғаларына ат басын тірейді. Олардың қатарында В. Двуреченский, В.Сидорова,  К. Дөненбаева , Ж. Құдайқұлов бар. Кітап авторы Қазақстанның тұңғыш помещигі  Ж.Құдайқұлов өзіне лайықты бағасын алу керек. Дүниеден өткендерге атақ берілмейтінін де түсінем. Әйтсе де ол «Еңбек Ері» деген атаққа әбден лайық, –деді.

Қорытынды сөзінде  кеш иесі Сергей Харченко пассионар тұлғалар өзінің пенделік мұқтаждықтарынан  әлеуметтік және идеалдық қажеттіліктерді жоғары қояды. Сол арқылы қоғамды саяси-экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытады.  Қазіргі кезде  түрлі елдердегі саяси-әлеуметтік жағдайындағы халық қолдауына ие пассионар тұлғалардың жоқтығы, жемқорлықтың тамыр жаюы мемлекетке деген сенімді әлсірете түседі. Ал тектілігі  бар тұлғалар кемелдеген сайын  қатегездікке емес, ізгілікке ұмтылса ғана, ортақ үйіміз    –  жер ғаламшарын от пен судан сақтап қала аламыз деген сияқты ойларымен бөлісті.

(Өз тілішімзден)

Суреттер облыс орталығының “Наш Костанай” газетінен алынған

Жаңалықтармен бөлісу