Республика күніне орай ТЖД құқық қорғау органдарының жас мамандары арасында КВН ұйымдастырды.
Әскерилер қызметтегі оқиғалар, отбасындағы көріністерді көрсетіп, қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы игі істерге де тоқталды.
Команда капитандары монолог оқып, өздерінің тапқырлығын танытты.
Қысқаша әзілдер сайысында командалар көрермендерге әзіл сыйлады. Командалар патриоттық әндерді орындап, намыс пен рухтың орны әрдайым ерекше болатынын белгілеп кетті.
– Ойынның әділдігі үшін қазылар алқасы кәсіби мамандардан тағайындалған болатын, біздің алдымызда барлықтарыңыз да жеңімпазсыздар. Ел алдындағы борыштарыңа адалдық танытып, абыройымыз асқақ, бүгінде де күлкіге толы уақыт сыйлап қызметімізде тура сондай жетістіктерге әрқашан жете берейік, барлық атсалысқандарға мың алғыс білдіреміз, – деді құқық қорғау органдарының ардагері Жәкен Маусымбеков.
Жүлделі 3 орын Қостанай ТЖД “SOS” командасына бұйырды. 2 орынды Қостанай қаласы 6697 әскери бөлімінің құрама “Әзіл HUB” командасы ұтып алса. 1 орынды Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай әскери Академиясының “Қабылбаев ұрпақтары” командасы иеленді.
Бұл іс-шара әскери қызметшілердің арасында ауызбіршілік пен әскери ортада да әзілге орын барын насихаттау жолында өткізілді.
Өміржан Тілеген,
лейтенант