Қостанайда алғашқы ғимарат дизайн-код талабына сәйкес жаңғырды Фото: www.ktek.kz

Қостанайда алғашқы ғимарат дизайн-код талабына сәйкес жаңғырды

Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы мекемеге тиесілі ғимараттың сыртын дизайн-код талабына сәйкес жаңартты. Қостанай кооператив колледжі де қасбетін ауыстырып, түсін өзгертті, сыртқы келбетіне заманауи сипат берді.

ЦУМ орталығының іргелес аумағындағы ұсақ сауда-саттық павильондары алынып тасталды. Нәтижесінде алаң кеңейіп, жаяу жүргіншілердің кедергісіз жүріп-тұруына мүмкіндік туды.

«Әл-Фараби даңғылында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарды ерекше атап өткен жөн. Брусчаткалар ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолағы кеңейді, автотұрақтар саны артты. Даңғыл бойындағы №19 көп қабатты үйдің тұрғындары бірігіп, өз қаражаттары есебінен қасбетін жаңалап алды. Ретсіз тұрған қоршаулар сүріліп, жер учаскелері көпшіліктің игілігіне ұсынылды. «Qostanai» телеарнасының аумағындағы, Абай даңғылындағы «Сопрано» караоке-барының, Назарбаев даңғылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі қоршаулары бұзылды. Осылайша жер телімдері көпшілікке қолжетімді бола түсті», – деді Гүлсара Құрманғалиева.

Қымбат Досжанова