Қостанайда полиция жүргізушісіне хаттама толтырылды

Қостанайда полиция жүргізушісіне хаттама толтырылды

Қостанайдағы Абай және Назарбаев даңғылдарының қиылысында Chevrolet Cobalt және JAC J7 автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру басталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, патрульдік автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беру сигналына солға бұрылу кезінде қарсы бағытта түзу келе жатқан көлік құралына жол бермей, нәтижесінде JAC J7 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, көлік құралдарына механикалық зақым келген. Қызметтік автокөліктің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.