Қостанайда өрт сөндіру бекеті салынады

Қостанайда өрт сөндіру бекеті салынады

Бұл жайында Облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Алмаз Төлендінің Қарасу ауданы Жамбыл ауылына сапарында белгілі болды.

Сапар барысында аудан және ауыл әкімдерімен кездесу өтіп, “Ауыл құтқарушылары” бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекетін салу мәселесі талқыланды.

«Бекет салынады деп жоспарланған орын да қаралды. Ауылда төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ететін құрылымның болуы – адам өмірін, мал-мүлікті аман алып қалуда шешуші рөл атқарады. Мұндай бекет тек өртке емес, кез келген ТЖ-ға уақытында әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл – ауыл қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты қадам», – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.