Облыстық ТЖД анықтау бөлімі криминалистикалық полигонын іске қосты. Мұнда қызметкерлер тұрғын үй секторындағы өрттердегі оқиға орнын қарау тактикасы мен әдістемесін тәжірибелік тұрғыда іске асыра алады.
Оқу-имитациялық модельдер жеке сектордағы өрт кезінде туындайтын типтік жағдайларды қайталайды. Ол үшін арнайы жиһаз манекен, декорациялармен толық жабдықталған.
Полигонда өтетін практикалық сабақтар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, тексеру жүргізуге, дәлелдемелік тәжірибелерін күшейтуге ықпал етеді.
162