Қостанайда есірткіге қарсы форум өтеді www.gov.kz

Қостанайда есірткіге қарсы форум өтеді

Форумның негізгі талқыланатын тақырыбы – нашақорлыққа, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара аясында ашық пікірталас өткізу және осы саладағы құқық қорғау органдары жұмысының маңызды аспектілерін көрсету жоспарлануда.

«Жастар Сарайы» іргелес аумағында көрме ұйымдастырылып, онда Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрестегі мүмкіндіктері мен жетістіктерін көрсететін арнайы техника үлгілері, криминалистикалық зертхана, әскери қарулар және басқа да жәдігерлер қойылады.

Форумға қала мектептерінің 1000-нан астам оқушылары, сондай-ақ өңірдің жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

Қатысушылардың қатарында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, облыстық мәслихат депутаты Махаббат Жутаев, Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрбол Сәден, пара пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дмитрий Царенко, сондай — ақ наркологиялық диспансердің өкілдері бар.

Іс-шара аясында бұған дейін жарияланған «Есірткіге қарсы үздік бейнеролик» байқауының жеңімпаздары да марапатталады.

Форум бүгін сағат 11: 00-де «Жастар Сарайы» алаңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтармен бөлісу