Фискалдық саясаттың әсерін бағалаудың микросимуляциялық модельдеу нәтижелері жарияланды

Фискалдық саясаттың әсерін бағалаудың микросимуляциялық модельдеу нәтижелері жарияланды

Ұлттық статистика бюросы фискалдық саясаттың тұрмыс деңгейіне және халықтың табыстарын бөлуге әсерін микросимуляциялық модельдеу нәтижелерін ұсынады. Жаңа интерактивті дашборд барлық пайдаланушыға stat.gov.kz сайтының «Эксперименттік статистика және зерттеулер» бөлімінде қолжетімді.


Микросимуляциялық модельдеу жетекші статистикалық қызметтердің халықаралық стандарттары мен тәжірибелеріне сәйкес жүргізілді. Қолданылған тәсіл фискалдық құралдардың Қазақстанның әртүрлі әлеуметтік топтарына әсерін бағалауға, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштері бойынша деректерді халықаралық нәтижелермен салыстыруға мүмкіндік береді. Талдау Бюро жинайтын жыл сайынғы үй шаруашылығын іріктеп зерттеу деректеріне негізделген.

Жаңа интерактивті дашборд пайдаланушыларға тікелей және жанама салықтар, тікелей трансферттер және субсидиялар сияқты фискалдық құралдардың әртүрлі әлеуметтік топтар табысына әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ дашбордта әр құралдың прогрессивті немесе регрессивті сипатын бағалауға мүмкіндік беретін Каквани индекстері мен маржиналды салымдар бар.

«Микромодельдеуді пайдалану салық-бюджет саясатының Қазақстандағы табыстар мен теңсіздіктерге қалай әсер ететінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал зерттеушілер, мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық үшін пайдалы болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Дашборд микро-модельдеу әдістерін қолдану және алғашқы деректерді пайдалану арқылы іске қосылды, бұл фискалдық саясаттың халықтың тұрмыс деңгейіне әсерін талдаудың сапасы мен егжей-тегжейін анықтауға айтарлықтай көмектеседі. Бұл ретте дашборд эксперименттік статистиканың бөлігі екенін, сондай-ақ, статистикалық ақпараттың ресми көзі ретінде қарастырылмайтынын және ҚР Қаржы министрлігінің деректерімен сәйкес келмеуі мүмкін екенін ескеру қажет.

Дашборд Бюроның талдамалық әдістерін одан әрі жетілдіру үшін кері байланыс жинауға және әртүрлі тәсілдерді тестілеуге бағытталған.

 

Тізімге оралу

Жаңалықтармен бөлісу