Қостанайда екі айлық тазалық акциясы басталады

Қостанайда екі айлық тазалық акциясы басталады

Облыс орталығында 6-сәуірде екі айлық санитарлық тазалық акциясы басталады. Бұл жайында әкімдікте өткен аппарат кеңесінде қала басшысы Марат Жүндібаев хабарлады.

Қала билігі барлық мүлік иелерінің бірлестігін, пәтер иелерінің кооперативтерін, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлерді жаппай сенбілікке қатысуға шақырады.

blank

Әркім өзіне тиесілі аумақты ретке келтіріп, тазалауға тиіс. Қоқысты «Тазалық» ЖШС шығарады.

blank

«Біреуге сеніп отыра беруге болмайды. Сенбілікке ұжыммен бірге шығып, ғимараттар мен аулалардың маңайын жинастырып, әктеп, сырлау қажет. Былтыр Қостанай қаласы санитарлық тазалық көрсеткіші бойынша республика деңгейінде үшінші орын алды. Астана және Алматы қалаларынан кейін – біз. Бұл өте тамаша нәтиже. Тазалық шарасын осы қарқынмен жалғастыра беру керек», – деді қала әкімі.