«Қостанай-Су»: Құбырларды тексеруге робот-камера қолданыла бастады

«Қостанай-Су»: Құбырларды тексеруге робот-камера қолданыла бастады

Ол туралы БАҚ өкілдерімен кездесуде мекеме басшысының орынбасары Әнуар Есқатов айтты.

Кәсіпорын құбырлар мен кәріз жүйелерін ауыстырудан бөлек заманауи жабдықтар мен қуатты техникаларды қолдануға басымдық бергенін тілге тиек етті. Былтыр бұл мекеме су мен ағынды суды залалсыздандыру қондырғысын және желілерді тексеруге арналған перископ пен бейнекамера арқылы бақыланатын планшет сатып алған.

«Озық үлгідегі жабдықтарды пайдаланудың артықшылығы көп. Жаңа технология суды зарарсыздандыру процесін тиімді іске асыруға, параметрлерін дәл бақылауға мүмкіндік берді. Планшет, бейнекамера және перископ құралы жер асты желілерінің ахуалын жедел тексереді. Бейнекамераны құбыр ішіне түсіру арқылы ақауды сол мезетте анықтайды. бір жағы уақыт үнемдеп, олқылықты тез арада жойып, шығынды мейлінше азайтады», – деп түсіндірді баяндамашы.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті түсірген Әбіл Досжан