Алматы облысында күш құрылымдары арасында жауынгерлік қарудан атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Іс-шара ҚР ІІМ және «Динамо» ДШСҚ Алматы облыстық Полиция департаментінің қолдауымен ұйымдастырды.
Оған барлық құқық қорғау және арнайы ведомстволар тарапынан 28 команда қатысты.
Чемпионат күш құрылымдарының қызметкерлері үшін ату дағдыларын көрсетуге және дайындық деңгейін арттыруға тамаша мүмкіндік болды.
Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Макаров тапаншасы-3 және МТ-6-дан атыс бойынша бірінші орынды Қостанай облысы ПД Оқу-жаттығу взоды басқармасының аға инспекторы полиция майоры иеленді. АК-3-тен ату бойынша бірінші орынды ПД ОЖВ аға инспекторы полиция подполковнигі иеленді. Сондай-ақ, ол АК-4-тен ату бойынша екінші орын алды. МТ-3 бойынша екінші орын ПД ЖҚАЖ аға инспекторы полиция майоры Нарболат Ақбасовқа бұйырды.
Чемпионат күш құрылымдарының қызметкерлерін даярлаудың жоғары деңгейін және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кәсіби даярлықтың маңыздылығын көрсетті.