Қостанай облысында ауыл мектептері IQanat республикалық олимпиадасының I кезеңі басталды

Қостанай облысында ауыл мектептері IQanat республикалық олимпиадасының I кезеңі басталды

Бұл кезеңде оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады.

Бүкіл республика бойынша қатысушылардың саны 63 мыңнан астам. 3 турдан өткен Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына тегін қабылданады.

Оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді, оған қоса, олардың жетістіктері бағаланып, ұдайы ынталандырылады.

Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында IQanat бағдарламасының қатысушыларының 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантпен оқуға түседі.

Бүгінде IQanat түлектері әлемнің 19 елінде білім алып жатыр. IQanat – әлеуметтік-білім беру жобасы. Оған қазақстандық 240 кәсіпкер қолдау көрсетеді.