Қостанай облысында 717 референдум учаскесі ашылды

Қостанай облысында 717 референдум учаскесі ашылды

Қостанай облысында таңғы сағат 7:00-де 717 референдум учаскесі жұмысын бастады. Өңір тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлаушылар өз дауыстарын кешкі сағат 20:00-ге дейін бере алады.

Жауапты органдардың мәліметінше, облыстағы барлық референдум учаскелері дауыс беруді ұйымдастыруға толық дайын. Учаскелерде байқаушылар жұмыс істеп, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес өтуде.