Қостанай ауданында «Ресайклинг шеберханасы» пилоттық жобасы іске қосылды

Қостанай ауданында «Ресайклинг шеберханасы» пилоттық жобасы іске қосылды

Биыл ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аудан тұрғындары арасында экологиялық жауапкершілікті насихаттап,  жалпыұлттық бағдарламасын ұйымдастыру мен идеологиялық сүйемелдеу жобасын қолға алды. Жобаның аясында Октябрь ауылындағы Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ресайклинг шеберханасы» атты пилоттық жобасы іске қосылды.

Осылайша, интерактивті экологиялық кеңістік — «ЭкоКабинет» орнатылды. Бұл бастаманың мақсаты — оқушылар мен ауыл тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін арттыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу мәдениетін дамыту,  материалдарды қайта пайдалану мүмкіндіктері туралы елді хабардар ету екен.

Жоба «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қорының қолдауымен, білім беру мекемесі мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылуда.

blank

«Бұл кабинет — қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және қайта өңдеуге арналған интерактивті алаң. Мұнда ауыл тұрғындары мен оқушылар тұрмыстық қалдықтарды тапсырып қана қоймай, олардың қайта өңделіп, жаңа бұйымдарға — мысалы, 3D-баспаға арналған жіптер мен өзге де пайдалы материалдарға айналу үдерісін бақылай алады. Біздің бастама заманауи экологиялық тәжірибелерді енгізуге, экологиялық еріктілік қозғалысын дамытуға және жас ұрпақ арасында табиғатты ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – дейді қоғамдық қордың жетекшісі Наурызбек Бірмағамбетов.

blank

«Ресайклинг шеберханасы» жобасының іске қосылуы — «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі. Жалпы облыста экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.