Бүгін көктемнің алғашқы күні әрі Алғыс айту мерекесі. Біріміз сүйікті дәрігерімізге, сауат ашып, әріп танытқан ұстазымызға, енді біріміз атаанамызға, көршімізге алғыс айтып жатамыз. Суреттегі кейіпкер облысымызға белгілі ақын, журналист Фёдор Мин қазақ халқының кең пейіліне, дархан көңіліне ризашылығын білдіреді. Әулетінің тағдырына әсер еткен ерекше оқиға жайлы да баяндады.
Мин әулеті 1937 жылы Қиыр Шығыстан қазақ даласына, дәлірек айтқанда Қызылорда облысына жер аударған. Корей отбасының одан кейінгі тағдыры қазақ жерімен тікелей байланысты. Қызылордадан Қостанайға келіп, әрі қарай қазіргі Бейімбет Майлин ауданына қоныстанады. Фёдордың әкесі Мин Ми Ик Корей жерінде туған. Бала кезінде Шаолин монастрына тап болып, сол жерде он бір жыл ілімбілім үйренеді. Ол ұзақ жылдар халық емшісі болған. Науқастарды инемен емдеп, елдің алғысын алған азамат. Қостанай халқы да Мин Ми Иктің емдомының шипасын көріпті. Әсіресе, айықпас дертке шалдыққан науқастарды “сиқырлы” иненің құдіретімен тік тұрғызғаны туралы әңгімені көпшілік тамсана айтады. Мин Ми Ик жайлы материалдар газетімізде бұрын да жарияланған еді. Басылымның ардагері, марқұм Сәлім Меңдібаев атамыз ертеректе Мин әулетінің қилы тағдыры, Фёдордың әкесі Мин Ми Ик жайлы тамаша мақалалар жариялағаны көзі қарақты оқырманның есінде шығар. Федор Миннің анасы Раиса Денбоновна көзі тірісінде қазақ тілін жетік меңгерген екен.Мен отбасында онынша баламын. Он баладан төртеуміз тірі қалдық Бауырларымның қалғаны Ұлы Отан соғысы жылдары әртүрлі жағдаймен өмірден өтіп кеткен. Мин әулетінің ақсақалдары Корей жерінде өмірге келгенімен кейінгі ұрпақ қазақ даласында өсіп, өнді, тамыр жайды. Мәселен, менің туған жерім Құсмұрын станциясы. Ғұмырымның көп бөлігі Бейімбет Майлин ауданында өтті. Ол жерде бізге Нұрбике Ысмағұлова есімді әжей қарайласып, өз панасына алды. Екі бөлмелі үйдің аядай ғана бір бөлмесінде Нұрбике әже, екінші жағында біз тұрдық. Қиын сәтте қолұшын беріп, бүтін нанын бөліскен әженің жасаған жақсылығын ұмыту мүмкін емес. Қамқор ана 2001 жылы 101 жасқа келіп дүние салды. Марқұмның есімін ешқашан ұмытпаймын. Кейінгі ұрпақ ол кісіні мақтанышпен еске алуы тиіс, – деді Фёдор Мин.
Кейіпкеріміздің жұбайы Гулинар қазақ қызы. Ерлі-зайыптылардың Валера есімді баласы бар. Үшеуі Қостанай қаласында тұрады. Ұлының есімін кезінде Нұрбике анамыз қойыпты. Ол да бір жүрек тебірентер оқиға. Өмірге атұстарым келгенде Нұрбике әжеге «Баламның есімін сіз қойыңыз» деп қолқа салдым. Әжейдің Уәлихан есімді жалғыз бауыры болыпты. Жергілікті тұрғындар Уәлиханды, Валихан-Валера деп атаған. Майданнан оралмаған, хабарошарсыз кеткен бауырының құрметіне менің баламды орысшалап Валера деп атады. Сол УәлиханВалера қазір үлкен жігіт. Қаламыздағы «СарыарқаАвтоПром» машина құрастыру зауытында жұмыс істеп жатыр. Есімінің шығу тарихымен жақсы таныс. Бала кезінен айтып, көкейіне сіңіргенмін. Біз өмір жолында кіл жақсы адамдарға жолықтық. Мин әулетінің шырағы сөнбей, ұрпақ жалғасып келе жатқанына қазақ халқының сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі мереге орай барша қазақ халқына алғыс айтқым келеді! – деді кейіпкеріміз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ