Қазақстанның алғашқы атом электр станциясы «Балқаш» деп аталады

Қазақстанның алғашқы атом электр станциясы «Балқаш» деп аталады

Қазақстанда елдегі алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс аяқталды. Байқауға 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысты. Әр қатысушы бір атау ұсына алды.
Комиссия отырысында ең танымал 100 нұсқа қаралды. «Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынған, сондықтан ол рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы болды.

Сонымен қатар Конкурс комиссиясы АЭС атауының орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын да бекітті:

— «Атомная электростанция „Балхаш“»;
— «Balkhash Nuclear Power Plant».