Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.
Колледждерде АЭС-терге кадр даярлау үшін жаңа мамандықтар ашылады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының 43 кәсіби стандарты өзектендірілгенін, жаңа мамандықтар мен біліктіліктер анықталғанын, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестердің жұмысы жандандырылғанын хабарлады.
Қазақстан Оңтүстік Кореямен АЭС салу жөніндегі консорциумға қатысу туралы келіссөздер жүргізді
Мұндай консорциумды құру қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асырудың ықтимал үлгілерінің бірі ретінде зерттелуде. Бұл туралы gov.kz-те жазылды.
АЭС туралы референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды
Орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
Халықаралық комиссия референдумға байланысты мәлімдеме жасады
Елордада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте ШЫҰ байқаушылар миссиясы республикалық референдумға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
РЕФЕРЕНДУМ: 14:00-дегі жағдай жария етілді
АЭС бойынша референдум барысында 6 млн 339 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Бүгіні мен ертеңін ойлайтын ел референдумнан қалыс қалмауы керек”
Аманкелді ауданындағы №227 референдум учаскесінде 693 дауыс беруші азамат тіркелген. Сағат 14:00-ге дейін олардың екі жүз отыздан астамы учаскеде таңдау жасаған.
Референдумда дауыс бергендер саны 4,8 млн адамға жетті
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов сағат 12.00-дегі жағдай бойынша неше қазақстандық референдумда дауыс бергенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23 %-ы бюллетень алды», – деді ол. Оның ішінде: 1. Абай […]
Әскери қызметшілер референдумға белсене қатысты
Қостанайдағы 66 97 әскери бөлімнің жеке құрамы да мемлекеттің болашағына қатысты саяси оқиғадан тыс қалмады. Олар нөмірі 27-ші референдум учаскесінде дауыс берді.
Арқалықта алғашқы қатысушы өз таңдауын жасады
Елімізде 6 қазанда өтетін референдум өз жұмысын бастады.