Қазақ әдебиетінің бүгінгі жағдайы

Қазақ әдебиетінің бүгінгі жағдайы

Әдебиет-ұлтымыздың тарихы,мәдениеті мен рухани байлығы. Жас ұрпақ өткені мен бүгінін салыстыра отырып, өз бақытын сезінуі,еліміздің мәдениеті мен өнерін тануы осы бір  әдебиеттің арқасы.

Бүгінгі күнде болып жатқан өркениет,технлогиялар мен әлеуметтік желілерінің дамуы әдебиетке өзгерістер алып келді.Оны түсініп,ары қарай жалғастыру біздің мақсатымыз.Қазіргі заман талабы,жастардың ойлау қабілеті мен қызығушылықтары күннен күнге дамуда және бұл біз таныған әдебиетке әсерін тигізбей қоймайды.

Абай Құнанбайұлы,Мұхтар Әуезов,Міржақып Дулатұлы,Ахмет Байтұрсынов сынды көрнекті қайраткерлеріміз уақытында әдебиет елімізді құтқарған,ұрпақты қараңғылықтан шығарған аса қажетті тірек болса,қазіргі жастар үшін ол-рухани дамуға,ой-өрісті кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды түсінуге жол ашатын маңызды бағыт.

Қазіргі жас ақын-жазушылар қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп,жаңартылған стильде өз ойларын жеткізуде.Олар өз туындыларын шығарма ретінде немесе тіпті видео форматы ретінде әлеуметтік желілерге салуда.Себебі,қазіргі буынға видео форматы тиімді,әре ыңғайлы болып табылады.Бұл әр өнерпаздың жеке ойы мен тәжірбиесін үлкен аудиторияға жетуін қамтамасыз ете алады.Тик-ток желілерінде жас ақындардың әсер қалдырар өлеңдері мен шығармаларын көп байқаймын.Оған қоса журналисттер,блогерлер де қазір сол форматты заман талабына сай белсенді қолдануда.

Қазіргі форматтың биік шыңы ретінде,бүгінгі кинематографияны айтар едім,Қазақстандық кинематография саласы ұлттық мәдениетті,тарихты және руханиятты насихаттайтын негізгі құралдардың бірі болып табылады.Бүгінгі жастар киноға көп қызығады және бұл тарихты,кітаптардағы роман,әңгімелерді шынайы түрде қалай болғанын елестетуге көмектеседі.Жастар экранизацияланған кітаптың негізін көріп,оның түпнұсқада қалай баяндалғанын,оқиғаның терең мәні мен бастауын тануға қызығып кітапқа бет бұрады.Бұл-жастарды кітап оқуға шақырудың тиімді жолдарының бірі деп санаймын.

Не болса да,бүгінгі таңда қазақ көркем әдебиеті өз маңызын жоғалтқан жоқ.Әлі де рухани дамуға жетелейтін,адамға ой салатын күш болып қала береді.Сондықтан,өзгеріске енген әдебиет форматын дамыта отырып,жас ұрпақты кітап оқуға баулу маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

Кәусар Оразғали,

№198 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы