Жергілікті «Железнодорожное-АМФ» және «Макс» ЖШС халықты баспанамен қамту бағдарламасын табысты жүзеге асырып жатыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорыны жеке тұрғын үй бағдарламасын 2005 жылы қолға алған. Сонымен қатар ауылдарды абаттандыру ісін қатар іске асыруда. ЖШС бастамасымен ауыл-аймақты абаттандыру мәселесі шешімін тауып, үй кезегі қысқарып, маман тапшылығы да азаюда.
«Железнодорожное-АМФ» ЖШС-ның аталған бағыттағы 20 жылдық қызметінде екі қабатты 7 үйдің ғимараты қайта қалпына келтіріліп, пайдалануға берілген. Бұл дегеніміз 68 пәтер мен бір қабатты 29 үй.
Осылайша, ауылда қаңырап бос қалған ғимараттарға қайта жан біткендей болды. Алғашында ауыл шаруашылық құрылымының басшысы Максим Артемук туып өскен жерінің келбетін жақсартуға ден қояды.
Жергілікті жастар мен ауыл әлеуетін арттыруға келген жас мамандарды қолдауды да естен шығармады. Республикаға белгілі кәсіпкер және меценаттың туған жеріне деген қамқорлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне оң ықпалын тигізуде. Жиырма жыл ішінде қуатты агро-холдинг жүзден аса кезектегі азаматтың баспана мәселесін қысқа мерзім ішінде шешіп берді.
Кәсіпорын құрылғалы бері меценаттық және демеушілікпен айналысады. Тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік маңызды нысандарды қайта жаңартады.
Ауыл мектебіне де қарайласып, барынша қолдау жасағанды құп көреді. Максим Артемук басқаратын көп қырлы кәсіпорын биыл 17 пәтерді жөндеп, ауылға қажетті мамандық иелерін баспанамен қамтуды көздеп отыр.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті жергілікті әкімдік жолдады
Қарасу аудан
