Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бүгінгі бұйрығымен Қуат Әлмағамбетов Қостанай қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқаратын болды.
Қуат Райханұлы 1983 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2008 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін “Педиатрия” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.
Әр жылдары учаскелік дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.