Жітіқарада монополияға қарсы орган аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жылу тарифін төмендетті.
Атап айтқанда, қадағалау органы Жітіқаракоммунэнерго коммуналдық кәсіпорынының 170 миллион теңге бюджет қаражатын тариф құнын төмендетуге қоспағанын анықтады.
Қолдау шараларына қарамастан, жылумен қамту тарифі негізсіз көтерілген.
“Осы бұзушылықтар бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді. Қарау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылды және 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты жылумен жабдықтау тарифінің мөлшері 1 Гкал үшін 6 254,17 теңгеден 6 129,74 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін – 12 826,45 теңгеден 11 428,44 теңгеге дейін төмендетілді”, – делінге хаттамада.
Осылайша, жылумен жабдықтау тарифін төмендету нәтижесінде 11 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 315 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.