Өткен демалыс күндері Қостанай облысында полицейлер 1,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтаған. Оның 11 – і жүргізушілердің масаң күйде көлікке отыруынан болған.
“Қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының ең көбі көлік жүргізушілерінің жылдамдық режимін арттыруынан болып отыр. Салдарынан маневр жасау ережелері бұзылып жатыр. 3 мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырып, 400-ден астамы басып озу әрекетімен жол ережесін бұзды, оның 13-і қарсы қозғалыс жолағына шыққан”, – дейді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Айнұр Жұмағұлова.
Ал қалада жүргізушілер жаяу жүргіншілерге қиылыстарда жол бере бермейді. Кейбір жағдайларда жаяу адамдардың да “сүттен ақ судан таза” емесі анықталып отыр. Полицейлер жаяу жүргіншілердің жолды белгісіз жерде кесіп өтуінің 900 фактісін байқаған. 400-ге жуық жүргізуші қиылыстарда жүру ережелерін бұзған.
Апатқа әкелетін ереже бұзушылық деректерін азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шарасы 29 ақпанға дейін жалғаспақ.