Оңтүстік Кореядағы жетістік: Қостанай лицейінің оқушысы Азияның үздік физиктері қатарына енді

Оңтүстік Кореядағы жетістік: Қостанай лицейінің оқушысы Азияның үздік физиктері қатарына енді

Қазақстандық оқушылар Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) өткен физикадан 26-шы Азия олимпиадасында (APhO 2026) дайындық деңгейлерінің жоғарылығын көрсетті.

Азия олимпиадасы физикадан әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі болып саналады, оған дәстүрлі түрде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің ең мықты құрама командалары қатысады.

Осы олимпиадада Қостанай облысының өкілі, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Әбдіқадір Таир беделді біріншіліктің қола медалін жеңіп алды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік. Әр тур 5 сағатқа созылып, қатысушылардан терең академиялық білімді, стандартты емес ойлауды және күрделі зертханалық жабдықтармен жұмыс істей білуді талап етті.

Бұл нәтиже Қостанай облысында жаратылыстану ғылымдарын оқытатын мықты мектеп қалыптасқанын растайды және Қазақстанның халықаралық білім беру аренасындағы орнын нығайта түседі. Таир үшін бұл медаль көпжылдық қажырлы еңбектің, облыстық және республикалық кезеңдердегі жеңістердің, сондай-ақ ұлттық құрама сапындағы оқу-жаттығу жиындарындағы қарқынды жаттығулардың нәтижесі болды.

Физикадан Азия олимпиадасы (Asian Physics Olympiad — APhO) 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Тапсырмаларының күрделілік деңгейі бойынша ол Физикаадын халықаралық олимпиадасынан (IPhO) асып түседі, өйткені оған әлемдік физика-математикалық білім берудің мойындалған көшбасшылары — Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур және басқа да елдердің құрамалары қатысады. Мұндай турнирдегі медаль түлекке жетекші әлемдік және отандық жоғары оқу орындарының есігін ашады.

Олжас Ғабдімәлік,

ҚӨУ студенті