Өнерпаздар Тобыл төрін әнге бөледі 

Өнерпаздар Тобыл төрін әнге бөледі 

Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалы қала жұртын Республика күнімен құттықтап, өнерлерін тарту етті.

«Биыл Республика егемендігінің декларациясы қабылданғанына отыз бес жыл толды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтулы жетістіктерге жетті. Біз де жастарымыз арқылы осы бір қуанышқа үлес қосқымыз келді», – дейді оқу орын филиалының директоры Наталья Нализко.

Осылайша, оқу орынның жас таланттарынан құралған өнерпаздар «Қостанай плаза» сауда ойын-сауық кешенінің ішін дүбірге бөледі.

blank blank blankСолардың бірі Никита Зимирев. Қолына қазақтың домбырасын алып әулетті.

Никита Ақмола облысы Жарқайың ауданының тумасы. Алтыншы сыныптан музыка мектебіне алынып, жеті жыл тәлім алған.

«Осыдан үш жыл бұрын Қостанайға оқуға түстім. Оған дейін гран-при жүлдесін ұтып алған едім. Араға екі жыл салып, дәстүрлі әннің шебер орындаушысы ретінде құрметке бөлендім», – дейді ол.

Никитадан бөлек, Абай жырларын төгілтіп оқыған қыз-жігіттер көрермендер алдында би де билеп берді.

Бұл бастама ұлтымыздың жанашыр өнерпаз жандарынан құралған патриоттық әндер шеруіне ұласты.

blank blank

«Бұл іс-шара өңірімізде алғаш рет өтіп жатыр. Жиналған жұрт жарапазанмен шатастырып отыр. Бұл патриоттық әндер шеруі. Қостанайдың әдемі жерлерін аралап шығу ойымызда бар. Негізгі мақсатымыз – қазақ өнерін насихаттау, республика күнімен жерлестерімізді құттықтау. Мұндай мереке бір күнмен ғана шектелмей, жалғасын таба беру керек. Сол себепті бір жағынан челлендж деп те қабылдау қажет», – дейді өнерпаздарды алаңға бастап шыққан Марғұлан Бәкір.

Бұл іс-шаралар облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша өткенін айта кетейік.

Айбек ЖҮЗБАЙ