Бүгінде Ұзынкөл ауданының кейбір елді мекендерінде сынап бағанасы – 27 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты аудандық білім бөлімі 6 мектептің оқушыларын қашықтан оқытуға шешім қабылдады.
Мәселен, Ершов жалпы білім беретін мектебінің 2,4 сынып оқушылары, Обаған жалпы білім беретін мектебінің даярлық сынып оқушылары, Ұзынкөл орта мектебінің 3,4 сынып оқушылары, К.Дөненбаева орта мектебінің 3,4 сынып оқушылары, Троебрат орта мектебінің 2,5,7 сынып оқушылары, Федеров орта мектебінің 3,4 сынып оқушылары екінші ауысымда қашықтан оқиды.