Облыс әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.
1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Мынадай мамандықтар бойынша білімі бар:
• экономист;
• заңгер;
• мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі;
• мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі.
Мыналарды:
• М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін;
• Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін;
• Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын;
• Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмәмдады.
Еңбек қызметі:
• 1998-2001 жылдары — «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің валюта айырбастау пунктінің менеджері;
• 2003-2007 жылдары — «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
• 2007-2013 жылдары — Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
• 2013-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды;
• 2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары;
• 2016-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары;
• 2018-2019 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
• 2019-2021 жылдары – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры — Басқарма мүшесі;
• 2023-2026 жылдары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
