Облыс әкімі ҚХА-ның қоғамдағы рөлін атап өтті

Облыс әкімі ҚХА-ның қоғамдағы рөлін атап өтті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Instagram-парақшасында жазба жариялап, ҚХА-ның елдегі бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы айрықша рөлін атап өтті.

“Қазақстан халқы Ассамблеясы — түрлі этносты ортақ құндылықтар төңірегінде топтастырып, достық пен келісімді нығайтуға бағытталған бірегей институт. Біздің міндетіміз — осы бірлікті сақтау және дамыту,” — деді өңір басшысы.

Ол 1995 жылы негізі қаланған ҚХА бүгінде ел ішіндегі қоғамдық келісімнің берік тірегіне айналғанын атап өтті.

Жаңалықтармен бөлісу