1 наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

1 наурыз — Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Жыл сайын 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) бастамасымен түрлі елдерде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Бұл күн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге, сондай-ақ халық пен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын арттыруға бағытталған және жыл сайын әртүрлі ұрандармен өткізіледі.

Биылғы жылы іс-шаралар «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен өтуде.