Мерей шалқып, марапат жауған күн

Мерей шалқып, марапат жауған күн

Бүгін Жастар сарайында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты салтанатты жиын көпшіліктің басын қосты.Тәуелсіздік рухын асқақтатқан концерт Әнұранмен басталды. Тарихқа көз салсақ, осыдан 35 жыл бұрын еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл аса маңызды құжат – тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы, дербес, тұрақты дамуға бастар құтты қадам болды. Жиналған қауымды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, өңірде атқарылып жатқан істерге тоқталды.blank

«Отыз бес жыл тұтас дәуір, еліміздің жаңа тарихи белеске көтерілген уақыты. Осы жылдары елімізбен бірге Қостанай өңірі де тарихи белестерді бағындыра білді. Тобыл-Торғай өңірі – ауызбіршілігі бекем, еңбекқор ел. Жеткен жетістігіміз, бағындырған шыңымызға облыс тұрғындарының бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жеткіздік. Елімізбен бірге Қостанай облысы да даму жолынан өтті. Индустрияландыру жылдарында өңірде жаңа өндірістер ашылып, жаңа экономиканың талаптарына сай кәсіпорындар іске қосылды. Өңірге негізгі капиталға 5,3 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.
Бүгінде облыс бұрынғыдай тек шикізат өндіретін аймақ емес, индустриялық өңірге айналып келеді. Қостанай облысы төрт стратегиялық бағыт бойынша ілгерілеуді көздейді: олар – машина жасау, қара металлургия, агроөнеркәсіптік кешен және көлік-логистикалық инфрақұрылымы. Бұл салалар өңір экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және өңірдің жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған», – деді облыс әкімі.

blankСалтанатты кеш барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. «Сосновый бор» санаторийінің дәрігері Дина Жаманшалова мен ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доценті Серікбай Оспанов «Парасат» Орденін кеуделеріне тақты.blankblankblankblankblankblankblankblank

«Денсаулық сақтау саласында тапжылмастан 55 жыл еңбек етіп келе жатырмын. Еңбектің еленіп, бағаланып жатқанына қуаныштымын. Мұның бәрі де егемнді еліміздің, тәуелсіздігіміздің арқасында жүзеге асып жатыр. Бұл бір менің марапатым емес, денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген барша жандарға көрсетілген құрмет деп білемін», — дейді Дина Махатқызы.

blankblankАл жақында ғана мерейлі жасқа жетіп, елдің ыстық ықыласына бөленген Серікбай Оспанов ағамыз да өз қуанышымен бөлісті.

«Керемет шат көңілдеміз. Артымнан еріп келе жатқан жастар да осындай құрметке бөлене берсін. Мұның бәрі тәуелсіздігіміздің арқасы. Қайғысыз мұңсыз күндеріміз көп болып, бүгінгі мереке құтты болсын», — деп құттықтауын жеткізді ақын ағамыз.

blankblankРеспублика күніне арналған салтанатты концертіміздің шырайын келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлауға Қазақстанның халық әртісі, оперa өнерінің мақтанышы, әлемдік сахналарда ел абыройын асқақтатқан Нұржамал Үсенбаева Қостанайға келіп, Төлеген Мұхамеджановтың әні «Аққуымды» шалқытты. blankblankҰлттық мереке күні Қостанай төріне Қазақстанның халық әртісі, дәулескер күйші, Құрманғазы мен Дина дәстүрінің жалғасы Айгүл Үлкенбаева арнайы келді. Айгүл ханыммен бірге Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының студенттері, сондай-ақ, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солистері – Мұрат Хамитов, Данияр Рысбеков, Нұрбол Жатқанов, Нұрболат Нығметов, Ғизат Кемелбаев және Ыбырай Есжанов дәулескер күйшімен бірігіп күйден шашу шашты.blank blankblankblank«Х-Фактор» мегажобасының жеңімпаздары «Бро» ағайындылар тобы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі, Халықаралық байқаулардың лауреаты, жерлесіміз Балуан Беркенов, «Орда» тобының солисті Дастан Оразбеков, әнші Қазыбек Әдікей және де өзге әнші-бишілер ұлттық мерекенің сәнін келтіріп, көрерменін қуантты. blankblankblankblankblankМерекелік концерт соңында облысы әкімінің атынан ықылас гүлі тарту етілді.blank

«Парасат» ордені

1. Жаманшалова Дина Махатқызы,
«Сосновый бор» санаторийінің дәрігері, Алтынсарин ауданы

2. Оспанов Серікбай, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

«Құрмет» Ордені

3. Адаев Манарбек Дәненұлы, «Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының» мемлекеттік ветеринариялық дәрігері-бас маманы

4. Байназаров Батырбек Қасымұлы, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі

5. Двуреченский Андрей Валентинович, «Львовский колос» бірлестігінің директоры, Жітіқара ауданы

6. Джафаров Низами Наджафоглы, Асбест геологиялық барлау кәсіпорнының бас директоры, Жітіқара ауданы

7. Қайыбжанов Ескендір Жолмағамбетұлы, «QAZAQGAZ AIMAQ» бірлестігінің Қостанай өндірістік филиалының директоры

8. Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры

9. Левит Татьяна Борисовна, Федоров ауданы Абай атындағы ЖББМ директоры.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» Ордені

10. Бектау Гүлсара Есләмқызы, Қазақстан темір жолы филиалының операторы, Ұзынкөл ауданы

«Ерен еңбегі үшін» медалі

11. Әзімжанова Сәуле Ерқанқызы, Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

12. Алматов Асхат Тоқшылықұлы, «Лисаков-Имсталькон» монтаждау фирмасының монтаждаушысы

13. Атамұратов Құралбек Бүркітбайұлы,
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы

14. Байгенжин Сағидолла Кәкенұлы, Қостанай облысы әкімдігінің Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» филиалы – «Арқалық аймақтық мемлекеттік архиві» басшысы.

15. Бақтығалиев Ільяс Қанатұлы,
Халықаралық әлеуметтану және саясат институтының саяси талдаушысы, блогері, зерттеушісі

16. Бодров Сергей Васильевич, «СВ-медиа» басшысы, Қостанай қаласы

17. Венгерская Елена Владимировна, «Атамекен» ҰКК Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы

18. Жабаева Меруерт Елшібекқызы,
«Ақ ЖОЛ» Қазақстан демократиялық партиясы» Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары

19. Капистерницкий Василий, агроном
Алтынсарин ауданы

20. Лазухина Галина Азаровна, «Викторовское» бірлестігі директорының орынбасары, Б.Майлин ауданы

21. Мәкеев Бақытжан Катайұлы,
Мемлекеттік қызмет ардагері, Еңбек ардагері

22. Махмұтов Темірғали Әмірғалиұлы, Усаков орман шаруашылығы мекемесінің директоры, Федоров ауданы

23. Нәменов Жандос Серікұлы,
«ЖААН-2» шаруа қожалығының басшысы, Амангелді ауданы

24. Өтеміс Дархан Асылбекұлы,
«Өтемісов Асылбек Қаратайұлы» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, Сарыкөл ауданы

25. Полубояринов Денис Владимирович,
спортшы, ауыр атлетикадан Азия чемпионы

26. Сартов Арнұр Маратұлы,
Алтынсарин ауданының әкімі

27. Соколова Оксана Владимировна,
«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ бөлім басшысы

28. Төлетаев Ерлан Серікұлы, «Kia Qazaqstan» өндірісінің бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі директоры

29. Ширшов Владимир Геннадьевич, «Лисаковскгоркоммунэнерго» кәсіпорнының электр монтері

«Шапағат» Медалі

30. Байжанова Тұрсынкүл Сапарқызы,
Қостанай облыстық «Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығының» медбикесі.

31. Гончарова Татьяна Николаевна,
«Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» санитары, Федоров ауданы

32. Дума Александр Викторович, шебер-пісіруші, «Литвинова Т.А.» кәсіпорны, Қостанай қаласы

33. Тұтқышева Айсұлу Бағытжанқызы, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солисі

34. Оразбаева Жанархан Сақтапбергенқызы, «Қостанай аудандық ауруханасының» дәрігері

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі

35.Әбенова Гүлнар Таубайқызы