«Қостанай таңы» газетінің бас редакторы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

«Қостанай таңы» газетінің бас редакторы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күніне орай, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы, АМАNАТ партиясының Қостанай облысы филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің жетекшісі Кенжеш Оразғалиқызы Партия төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың қолынан мәртебелі марапат иеленді.

Бұған дейін жазғанымыздай, бүгін партияның орталық аппаратында салтанатты жиын өтіп, бірнеше азаматқа мемлекеттік және партиялық наградалар табыс етілген еді. Кенжеш Оразғалиқызы да еселі еңбегі еленіп, есімі ардақталған партия мүшелерінің қатарынан табылды.blank

«Еңбегімнің мемлекет тарапынан бағалануы — мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысы атынан Ерлан Қошанов мырзаның қолынан награда алу — мен ғана емес, менің еңбек жолы мен біте қайнасқан әріптестерімнің еңбегінің әділ бағалануы деп білемін. Бұл марапат — АМАNAT партиясы жүктеген жауапты міндеттер мен мемлекет саясатының табысты жүзеге асуына бағытталған ортақ еңбегіміздің жемісі», — деп жазды Кенжеш ханым желідегі жеке парақшасында.

blankСондай-ақ ол бұл жетістік БАҚ саласындағы көп жылдық қызметіне, сондай-ақ қарашаңырақ «Қостанай таңы» газетінің шығармашылық ұжымына көрсетілген сенім мен құрметтің белгісі екенін айтады.blank

«Бұдан кейін де еліміздің өркендеуіне, партия саясаты мен ел мүддесіне сай адал қызмет етуді жалғастырамын. Ел игілігі үшін еңбек ету — ең үлкен абырой!» — деп түйіндейді жазбасын марапат иесі.

blankАйта кетейік, Кенжеш Оразғалиқызы Аманова ғасырдан астам тарихы бар қарт басылымда 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап бас редактор лауазымын жемісті атқарып келеді.blank