Мәдениет пен дәстүр — «Әділет» партиясы бағдарламасының басым бағыттарының бірі

Мәдениет пен дәстүр — «Әділет» партиясы бағдарламасының басым бағыттарының бірі

«Әділет» партиясынан партиялық тізім бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Людмила Олкинян этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесуде түрлі этностардың мәдени мұрасын сақтау, тілдері мен дәстүрлерін құрметтеу, сондай-ақ өңір тұрғындарын ортақ мақсатқа біріктіретін құндылықтар туралы сөз болды.Бұл мәселелер партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында да қамтылған. «Жаңа мәдениет» бөлімінде тарихи мұраны сақтау, мемлекеттік тілді дамыту және шығармашылық бастамаларды қолдау көзделген. Мұндай мүмкіндіктер тек Қостанай қаласында ғана емес, облыс аудандарында да қолжетімді болуы маңызды.

«Біз үшін патриотизм адамның ұлтына, тіліне немесе діни сеніміне байланысты емес. Қазақ жерін өз Отаны деп санайтын, оның егемендігін құрметтейтін, Конституцияда бекітілген құндылықтарды ұстанатын және ортақ болашақ үшін еңбек етуге дайын әрбір адам — патриот. Сонымен қатар әр халықтың өз мәдениетін, тілі мен дәстүрін сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуіне мүмкіндік болуы керек. Бір-бірімізге деген құрмет пен түсіністік қоғамдағы келісімді нығайтады», — деді Людмила Олкинян.

blankБағдарламада шығармашылық кеңістіктер мен бастамаларды қолдау орталықтарын ашу, жыл сайын студенттер фестивалін өткізу, сондай-ақ 2031 жылға дейін волонтерлік жобаларға 18 шағын грант бөлу қарастырылған.blank

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Б. Аққожина.
Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.