«Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Қырмызы Жаңбыршина Тобыл қаласында Н.Наушабаев атындағы мектеп қызметкерлерімен кездесті. Ол еңбек ұжымына жаңадан білім беру мекемелерінің ашылуы, құқықтық сауаттылық және бала кезден заңға құрметпен қарауды қалыптастыру мәселелерін жеткізді.
Кандидат партияның 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасындағы «Заң және тәртіп» бағыты бойынша көзделген міндеттерді таныстырды. Атап айтқанда, облыстағы барлық білім беру ұйымдарында осы идеологияны ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды жыл сайын өткізу және жоспарланған шаралардың 100 пайыз орындалуын қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар мектептерге «Құқық негіздері» пәнін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бұл ретте мектептер мен енгізу мерзімдері бейінді органдармен бірлесіп, қажеттілік пен қолда бар ресурстар ескеріле отырып айқындалады.
Қырмызы Жаңбыршина қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен тікелей байланысты екенін айтып, басты басымдық – білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, спортпен шұғылдануға және жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау екеніне тоқталды. Сондай- ақ кандидат партияның назар салып отырған басым бағыттарын атады.

«2031 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтамасыз ету үшін қосымша 520 орын ашылады. Сонымен қатар демографиялық өсім мен оқушы орындарының тапшылығын ескере отырып, 2 жаңа мектеп салу арқылы 2 400 оқушы орны құрылады және 149 білім беру нысаны жөндеуден өткізіледі. Бұдан бөлек, мектептерді заманауи STEM-кабинеттермен жабдықтап, инженерлік-жаратылыстану бағытын дамыту, барлық білім беру ұйымдарын 100% қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ 9-сынып түлектері мен жастарды колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100% тегін оқумен қамту көзделіп отыр. Осы ретте партия барлық жұмыстарды өз бақылауында ұстайтын болады», — деді Қырмызы Жаңбыршина.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Б. Аққожина.
Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда
партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді
