Көлік салығын төлемегендер қамауға алынды

Көлік салығын төлемегендер қамауға алынды

Облыста 12 мыңнан астам борышкердің көлік салығы бойынша жалпы сомасы 190 млн теңге
берешегі бар.

Енді 26 мамырдан бастап орындалмаған салық бұйрықтары қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына берілетін болады. Бұл ретте сот орындаушыларының уәкілетті органдардағы тіркеу деректерін шектеуге, борышкердің елден шетелге шығуын шектеуге, борышкерді қамауға алуға, көлік құралын айыппұл тұрағына орналастыруға, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға, банк шоттары мен басқа мүлігіне тыйым салуға құқығы бар.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушылары борыш сомасынан басқа берешек сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Осыған байланысты, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті е-Salyq Azamat/Электрондық сервистер/ЖСН енгізу жолымен әлеуметтік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сервисі-мобильді қосымшасының көмегімен салық берешегі  туралы мәліметтерді тексеруді ұсынады.

Жыл басынан бері былтырғы берешегін төлемегені үшін Лисаков, Рудный қалаларының, Сарыкөл, Федоров және Жітіқара аудандарының бес борышкері  1-ден 3 тәулікке дейінгі бұлтартпау шарасымен қамауға алынды. Ал, Рудный қаласының борышкеріне жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру шарасы қабылданып, автокөлікті айыппұл тұрағына қамау жүргізілді.

 

Қ.Маратқызы.

Жаңалықтармен бөлісу