«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшесі Александр Макаренко БПҰ Көлік кешені қызметкерлерімен жиналыс өткізді.
Іс-шара «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы бастамасымен ұйымдастырылды.
Жиналыста Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері кеңінен талқыланып, түсіндірілді.
Қатысушылар белсенділік танытып, ашық пікір алмасу форматында өз ойларын ортаға салды.
Жиналыс кезінде ұсыныстар мен бастамалар тыңдалып, өзекті мәселелер төңірегінде мазмұнды сұхбат өрбіді.
Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына ықпалы мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты қарастырылды.
Осындай кездесулер ұжымдық бірлікті нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге серпін береді.
