Келеңсіз жағдайға кезіккен шетел азаматтарына көмек көрсетілді

Келеңсіз жағдайға кезіккен шетел азаматтарына көмек көрсетілді

Бүгін Қарасу ауданы Октябрь ауылы тұсында жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Бұл жайында редакцияға оқырманымыз хабарлады

Ал біз болған оқиға жайында ҚазАвтожолға хабарын айттық.

Кейін олардың арасында Түркия азаматтары бар екендігі анықталды.

“Жүк көлігі Р-36 “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” тас жолының 210 шақырымында жолдан тайып кеткен. Ол жерде белігілі бір шамадан асыруға болмайды деген шектеу белгісі бар. Олардың тежегіші үзілгені де анықталды. Бүгін біздің аға шеберіміз зардап шеккен жолаушыларды жақын маңдағы қонақүйге орналастырды”, – дейді ҚазАвтожол облыстық филиалы директорының орынбасары Айдар Хасенов.

ҚазАвтожол өкілдері ертең қосымша ақпарат беретіндерін мәлім етті.

“Жол жиегіне түсіп кеткен жүк көлігін шығарып алу мүмкін болды ма, зардап шеккен қанша жолаушы болды деген сауалдарға жауап беретін боламыз”, – деді ҚазАвтожол өкілдері.

Жаңалықтармен бөлісу