Аманкелді аудандық №26 Өрт сөндіру бөлімі су жаңа автокөлікпен толықты. Өрт сөндіруге және авариялық құтқару қызметіне арналған «Камаз АЦ 5.0-40» өрт сөндіру автокөлігі өрт сөндіруге қолайлы.
Мекемеде 20-ға жуық маман қалтықсыз қызмет атқаруда. Олар өрт сөндірумен қатар қақаған қыста да алдыңғы шепте ерлік жасап жүретіні бар. Табиғаттың тосын мінезіне де қарамай адам өміріне араша түсіп, көмек беретіндер де осы мамандар.
Бірнеше жыл бұрын жер талғамай су мен батпақта да жүретін жаңа көлік балансқа берілген. Жол талғамайтын көліктің атауы – «нива бронта».
Осы көліктің де көмегімен қаншама адамның өміріне арша түсіп, құтару жұмыстары жүргізілді.
Ал, бүгінгі заманға сай өрт сөндіру автокөліктерінің өрт сөндіруге қажетті барлық құтқару құрал жабдықтары бар. Қандай да бір кедергілерден өте алатын жол тандамайтын автокөлік. Өрт сөндірушілердің қызмет көрсету сапасын арттырып, орын алған өрттер мен төтенше жағдайларды уақтылы әрі тез арада жоюға ықпал етпек.
Бұл көліктер ай сайын техникалық тексерістен өтіп тұрады, маусым сайын қадағаланады, ауысым бойынша кезекшілікті қабылдаған жүргізуші міндетті түрде тексеріп, қызметке жарамдылығына көз жеткізді.
Бастысы, аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды.
“Осындай керемет су жаңа өрт сөндіру машинасын алғаш алып тұрмыз. “Өрт – тілсіз жау” болған соң бізге осындай заманауи жаңа техника өте қажет болатын. Бұған дейін Зил, Урал өрт сөндіру машиналары болды. Бұлардың тозығы жетіп, кезең-кезеңімен ауыстырлып отырады. Енді оқиға орына тез жетіп, өртті алауыздықтуға мүмкіндік бар.Техника беруге көмек жасаған Қостанай облысы ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ алғыс білдіремін. Айтып келмейтін апаттан әрқашан аман болып, сақтық шараларын сақтап жүрейік”, – дейді Аманкелді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік ТӨЛЕБАЙ.
Айбек ТАҢАТБАЕВ
Аманкелді ауданы