«Kam Lit KZ» ЖШС еңбек ұжымымен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған депутаттардың кездесуі өтті

«Kam Lit KZ» ЖШС еңбек ұжымымен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған депутаттардың кездесуі өтті

Кездесуде Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали  Байғабылов пен қалалық мәслихат депутаты, Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко жобаның негізгі ережелерін таныстырып, ұсынылып отырған өзгерістерді және олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын түсіндірді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын қызметкерлері белсенді азаматтық ұстаным танытып, сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар осындай іс-шаралардың маңыздылығын және маңызды мемлекеттік бастамаларды талқылауға еңбек ұжымдарының кеңінен қатысуы қажеттігін айтты.