15 жасар қостанайлық Ералы Алматұлы қари атанды. Оған Аймағамбет Спанұлы атындағы облыстық мешітте Умраға жолдама сертификаты тарту етілді. Ералы құранды 9 айда жаттап шыққан.

Жұма намазы алдында Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев жиналған қауымға уағыз оқыды. Одан соң шұжық өнімдерін өндіретін «Қарасу ет» кәсіпорнына және «Steak-2016» қасапханасына халал сертификаты, ал қос қасапшы Әмірхан Орқаш пен Шавкат Бахранұлына халал жолымен мал союға рұқсат куәлігі табысталды.

Салтанатты рәсім барысында жас қариға сертификат берілді.


«Әкем 9 жасымда қолымнан жетектеп, мешітке әкелгені есімде. Өзі де намаз оқып, жұма сайын мешітке келіп тұратын. Өзім спортпен шұғылданамын. Ислам әлемі маған адами құндылықтарды дарытты, таза жолды ұғындырды, адал адам болуға жол сілтеді», – дейді Ералы қари.
Басқа да қатысушылар марапатталды.

Бота МАНЕТ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
