Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жоба аясында «Қазақстанның футбол клубтарының» коллекциялық монеталарының 13 түрін айналысқа шығаратынын хабарлайды.
Монеталарда 2024 жылғы маусымның ҚР премьер-лигасы клубтарының логотиптері бейнеленген. Монеталар 7000 дана таралыммен дайындалады. Оның 5000 данасы жеке блистерде және 2000 монета «Қазақстан футбол клубтары» кәдесый блистер жиынтығында жинақталады.
Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – әр түрінен 7000 (жеті мың) дана.
Монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады.