Елімізде колледждерде білім алушылардың саны 16 пайызға артты bilim-all.kz

Елімізде колледждерде білім алушылардың саны 16 пайызға артты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

2024-2025 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ТжКБ) және 39 филиал жұмыс істеді.

Оқушылардың жалпы саны 557 мың адамды құрады, оның ішінде 266,9 мың адам немесе 47,9% – әйелдер. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1,6% – ға өсті.

Білім алушылардың жалпы санының 73,6% негізгі орта білім негізінде, 22,5% жалпы орта білім негізінде, 3,9% ТжКБ базасында білім алады.

Күндізгі нысан бойынша білім алушылардың 96,9%, кешкі және сырттай нысандарда тиісінше 0,4% және 2,7% білім алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 380 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 68,4% құрайды, ақылы білім беру қызметтерін 176,3 мың адам немесе білім алушылардың 31,6% алады.

Түлектер саны 158,7 мың адамды құрады, оның ішінде 92,9 мың адам (58,5%) жұмысқа орналастырылды және 25,6 мың адам (16,1%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38659 оқытушы және 5364 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,7% және 48,3% құрайды.

Педагог қызметкерлердің жалпы санының 32,9 мың адамы немесе 85,1% оқу орындарының штатында қалады.

Жоғары білім 35424 оқытушы және 3888 өндірістік оқыту шебері ие, бұл олардың жалпы санының тиісінше 91,6% және 72,5% сәйкес келеді.

Жаңалықтармен бөлісу