Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Азамат Мәуленұлы Сабыржан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Азамат Мәуленұлы еңбек жолында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында түрлі жауапты қызметтерді атқарып, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосқан.
Бұған дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.
