Елордамыздың төріндегі «Астана Аренада» өткен Қазақстан Суперкубогы — «Қайрат» пен «Тобыл арасындағы тартысты кездесу елдік рухтың бір көрінісіне айналды.
Осы айтулы матч аясында конституциялық реформаларды қолдауға бағытталған тағылымды патриоттық акция өтті. Акция барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын асқақтата жайды.
Көк байрақ — ұлттың ұстыны, бірліктің белгісі, елдік мұраттың мәңгілік нышаны. Көпшілік назарын аударған тағы бір көрініс, «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар банердың ашылуы болды.

Мұндай бастамалар халық санасында азаматтық серпілістің барын аңғартады. Матч қорытындысы бойынша жеңіс қостанайлық «Тобылдың» еншісіне бұйырды.

Алматылық «Қайратпен» болған тартысты додада табандылық танытқан командаға шынайы құттықтауызды жолдаймыз.
