“Достар” КВН лигасының ширек финалы өтті

“Достар” КВН лигасының ширек финалы өтті

“Достар” КВН лигасының 1/4 финалының облыстық фестиваліне Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан 9 команда қатысты. Жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңге. Ойын “Визитка” және “5 жаңалықтар” атты екі сайыстан тұрды.

Ойын қорытындысы бойынша “Коперские” (Қостанай), “Бренд” (Жангелдин), “Канн фестивалі” (Қарасу), “13 аудан” (Сарыкөл), “ИП РФ” (Қостанай), “Камышовый рай” (Қамысты) атты командалар жартылай финалға шықты.

“Бүгінде өңірімізде КВН командаларының қатары көбейіп жатыр. Олардың ішінен маңызды тақырыпты жегіне жеткізе білген үздіктері таңдап алынды. Келесі жартылай финалдық ойын осы жылдың қазан айында өтеді. Іс-шара жатар ресурстық орталығының тапсырысымен “Жастар рухының” Қостанайдағы филиалы ұйымдастырды”, – дейді филиал директоры Аружан Сәрсенбаева.

Әсел ҚИБАШ

Суреттерді түсірген Б.Мейрамұлы

Жаңалықтармен бөлісу