“ДОСТАР “КВН лигасы: жүлде қоры 1 500 000 теңге

“ДОСТАР “КВН лигасы: жүлде қоры 1 500 000 теңге

Бүгін кешкі сағат 18.30-да  Балалар шығармашылығы мектебінде  “ДОСТАР “КВН лигасының ширек финалы өтеді.

Студенттер мен  оқушылардан құралған шығармашылық командаларын жинайтын лига  жастардың әртүрлі мәдени және бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуы арқылы патриотизм мен мәдени тәрбиеге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Қалалар мен аудандардан 9 команда қатысып жатқан сайыстың  жүлде қоры 1 500 000 теңге. Маусым қорытындысы бойынша облыс атынан республикалық және халықаралық КВН ойындарына қатысатын құрама команда айқындалатыны белгілі.

Жаңалықтармен бөлісу