Денисов ауданының шалғай ауылында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр 

Денисов ауданының шалғай ауылында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр 

Перелески ауылында медициналық қызмет көрсетумен айналысатын фельдшерлік акушерлік пункт бар. Онда екі дәрігер еңбек етуде.

Тұрғындар арасында жас ерекшеліктеріне қарай профилактикалық скринингтерді ұйымдастырады.

Ауыл сыртынан республикалық маңызы бар жол өтеді. Қозғалыс көп, сан алуан көлік күндіз-түні ерсілі-қарсылы ағылып жатыр. Ондай жерде ірі жол-көлік оқиғаларының жиі болатыны жасырын емес.

Қайғылы жағдай орын ала қалса жедел медициналық көмек көрсету маңызды. Сол себепті былтыр ауылда жаңа дәрігерлік амбулаторияның кірпіші қалана бастады.

Жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарына облыстық бюджет қаржысы демеу.

Артынша «Сарыағаш» ЖШС медицина мамандарына арналған үш пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қолға алыпты.

Медицина нысаны ашылса ауылға жоғары білікті дәрігерлер келеді деген сөз.

blank

«Мемлекеттік бағдарламамен жаңа дәрігерлік амбулатория салынуда. Құрылысы былтырғы желтоқсан айында басталған. Биылғы маусымда жобаны аяқтап, жаңа ғимаратты пайдалануға береміз. Бюджет қаражаты есебінен 2021 жылы жасанды төсенішпен қапталған шағын футбол алаңы, 2022 жылы хоккей корты салынды. Шағын футбол алаңының пайдаланылып келе жатқанына бес жылға жақындады. Беткі төсенішін ауыстыруға қаржы бөлініп отыр. Ауылымызда мемлекеттік қолдаудың арқасында қаншама игі істер атқарылуда», – дейді ауыл әкімі Евгений Шулика.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген Василий Васильев

Денисов ауданы