Даңқты боксшы Арқалықта құрметке бөленді

Даңқты боксшы Арқалықта құрметке бөленді

Қала әкімі Әмірхан Асанов қазақстандық кәсіпқой боксшы Торғынбек Әміровты қабылдады. Жерлесіміз спортта көптеген жетістіктерге жетіп, жалаң жұдырықтасудан Ресей Федерациясының RCC nard лигасының чемпионы атанған еді.

blank blank blank blank

Қала әкімі үздік спортшыны жеңістерімен құттықтап, болашағына сәтті қадам тіледі. Сондай –ақ, демеуші «SENIMSTROY LTD» ЖШС атынан 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыс етті.

blank

Торғынбек жастар арасында «Тор» лақап атымен де таныс. Шаршы алаңда әмірін жүргізген Әміров «жұдырыққа» кәсіби бокстан келген. Кәсіби деңгейде бірнеше мәрте жеңісті жекпе-жек өткізген. Ол — МТК Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпазы.

blank

 «Біз спортқа көп көңіл бөліп жатырмыз. Аз ғана жылдардың ішінде қалада елуге тарта спорт нысандары бой көтерді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да назардан түспейді. Мақсат – әр үйдің ауласында өз тұрғындарының спортпен шұғылдануына мүмікіндік жасау. Спорттық нысандар қолжетімді, әрі тегін болады. Жалпы, мәдениет пен спортқа жұмсалған қаражат — болашаққа салынған инвестиция. Мәдениеті бар елде қандай дән ексең де өнім береді», – деді қала әкімі Әмірхан Асанов.

blank blank

Айта кету керек, Торғынбек Әміровке MTK Global промоутер компаниясының алтын келісім — шартын жеңіп алғаннан бері жаңа жаттықтырушы тағайындалған, ол Қанат Алтаев. Ол осы уақытқа дейін жекпе-жектеріне дайындаған Болат Жұмаділов, Марат Сейітмағамбетов, Дамир Әбдіреш сынды жаттықтырушыларына ризашылығын білдіреді.

blank

«Спортшы жастарға қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып, болашаққа деген нық сеніммен мотивация беріп жатқан қала әкімі Әмірхан Біркенұлына зор алғысымызды білдіреміз. Әлемдік ареналарда қазағымыздың көк туын биікке көтеруге күшімізді саламыз. Жастарға айтарым, спортпен айналысып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырамын», – дейді белгілі спортшы Торғынбек Әміров.

WBC мен WBO белбеулерінің иегері Торғынбек Әміровтың кезекті жекпе — жегі алдағы ақпан айына жоспарланған.

 

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                          Арқалық қаласы