Таяуда Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлесіміз Ахмет Есен ел намысын абыроймен қорғап, 300 шақырымдық алыс қашықтықтағы ат жарысында алтын медаль иеленген еді.
Кітапты аш та, күннен қуат ал! Қарасуда ерекше аллея ашылды
Қарасу ауданының Железнодорожный жалпы білім беретін мектебінде кітап оқу, демалу және заманауи технологияларды бір кеңістікке тоғыстырған Kitap Alley – «Оқырман аллеясы» ашылды.
Жаңа құрал-жабдық, жаңа нысандар, бірақ дәрігер тапшы: Әулиекөл медицинасындағы басты мәселе
Әулиекөл ауданында тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ғимараттардың жағдайын жақсартуға басымдық берілді. Десе де ауданға жас мамандар ауадай қажет.
Жыр болып оралған азамат: Абылай Маудановтың шығармашылық кеші өтті
Көлқамас ауылында өткен ақын, журналист, драматург Абылай Фазылханұлы Маудановтың шығармашылығына арналған «Поэзия дарабозы – Абылай Мауданов» атты әдеби-сазды кеш дәл осындай әсерлі сәтке толы болды.
Арқалықта құс фабрикасы кеңейіп, құрама жем зауыты салынады
Арқалықта жаңа іргелі жобалар іске асқалы отыр. Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасының аясы кеңи түспек. Сондай-ақ құрама жем зауыты бой көтереді. Тек оған мемлекеттен қаржылай қолдау қажет еді. «Arkalyq Qus» серіктестігінің қос жобасы арнаулы комиссия отырысында қаралып, толық мақұлдаудан өтіп отыр.
Қазақ деп соққан жүрегі
Денисов жалпы білім беретін № 3 мектебінің түлегі Кэтрин Майер отбасымен бірге «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы. Ол ұлты неміс болса да қазақ тілін жетік меңгерген патриот.
Амангелдіде хоккей кортының құрылысы аяқталуға жақын
Батыр атындағы ауданда салынып жатқан жабық хоккей кортының құрылысы аяқталу шегінде. Қазір құрылыс жұмыстарының көбі бітіп, азы қалған.
Екі жылда жүз пәтер. Алтынсарин ауданында баспана құрылысы қарқын алды
Былтыр ғана аудан орталығында 46 пәтер салынған. Биыл Обаған, Большой Чураков және Силантьев ауылдарын қоса есептегенде 32 үй немесе 64 пәтер бой көтеріп жатыр.
Денисов ауданының он тоғыз елді мекеніне көгілдір отын жетті
Бұл туралы аудан әкімі Руслан Қатпаев айтты. Ол көрсеткіш пайызға шаққанда, жергілікті халықтың 92 %-і табиғи газдың игілігін көріп жатыр деген сөз.
Орақ науқаны өрмек жүзінен ауды
Облыста егін орағы қызу жүріп жатыр. Мәселен, Алтынсарин ауданында науқан аяқталар күн алыс емес. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов қырман басында жергілікті диқандармен кездесті.
