Қостанай облыстық филиалының жолшылары «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының (211 км) және «Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Сарыкөл – Қостанай» автожолының (689–690 км) учаскелерінде су тасқынының алдын алатын маңызды іс-шаралар жүргізді.
Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелер тексерілді
Өңірдегі су тасқыны жағдайының мониторингі шеңберінде аэровизуалдық зерттеу жүргізілді.
Қарасуда арна салу жұмыстары қарқынды
Қарасу ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта бұрма арнаны орнату бойынша жұмыстар аяқталған жоқ.
Аманкелділіктер Үрпек-Қабырға жолына байланысты шұғыл шара қабылдады
Еріген суы бар мұз кептелісіне байланысты жергілікті билік Аманкелді ауданы Үрпек ауылы тұсындағы Аманкелді-Үрпек тас жолының қиыршық тасты толтыру бөлігін ашуды ұйғарды.
Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
Аманкелді ауданында ТЖД құтқарушылары мен М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері тобы жұмыс істеп жатыр.
Новопавлов ауылына кіреберіс жолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Автокөлік қатынасын қалпына келтіру мақсатында жолға қиыршық тас пен топырақ төселді. Жалпы көлемі 1027 текше метр материал пайдаланылды.
Қарасу ауданындағы елді мекеннің жолын жөндеу жұмыстары аяқталып қалды
Қарасу ауданы Новопавлов ауылына жақын маңда әлі күнге жол қатынасы шектеулі. Көршілес елді мекендермен қатынау тұрғындар үшін қиын болып тұр.
Жанкелдин ауданында төтеншеліктер шұғыл әрекет етуде
Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері қарғын су аясында жүйелі жұмыстар атқаруда. Мәселен, аудандық маңызы бар Шеген-Торғай автожолының Торғай ауылынан шамамен 2 шақырым қашықтықтағы бөлігінде қар суы жолды шая бастаған.
Өңірде тасқын қатері бар елді мекендерде жануарлар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Қостанай облысында үй жануарлары су тасқыны қаупі бар аймақтардан көшіру шаралары белсенді жүргізілу үстінде.
Қарасу ауданының Қарамырза ауылында су тасқынына қарсы қорғаныс шаралары күшейтіліп жатыр
Қарамырза ауылы жыл сайын су тасқынына ұшырап келеді. Орташа алғанда, су деңгейі 1,5–2 метрге дейін көтеріліп, аулалар мен тұрғын үйлерді басып қалатын. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың мүлкін қорғау мақсатында жергілікті билік кешенді шаралар қабылдау үстінде.
